3175

"Күйеуімді халық алдында еркелетейін": Ерке Есмахан күйеуіне өлең арнады

"Махаббаттың символысыңдар"

"Күйеуімді халық алдында еркелетейін": Ерке Есмахан күйеуіне өлең арнады
коллаж smartnews.kz

Smart News басылымының хабарлауынша, Ерке Есмахан Instagram парақшасында күйеуімен жаңа суреттерін жариялады.

Сурет астына әнші күйеуін еркелетіп, өлең жолдарын қалдырған:

"Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген,
Келбетіңнен сенімнің күшін көрем.
Сен сияқты мені ешкім еркелетіп -
Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.

Асыл жарым,
Жайнаған жасыл бағым,
Бағаласаң, бақытыңмын.
Сағынсаң, қасыңдамын.
Арманды дара қумаймыз,
Құстың қос қанатындаймыз.
Жүректе от жанып,
Тауларды бетке алып,
Бірге ұшып барамыз болашаққа!", - деп жазды Ерке Есмахан.

Өлең жолдарының астына өнер иесі қысқа тілек қалдыра кетті.

"Жыл соңы күйеуімді халықтың алдында бір еркелетіп қояйын дегенім ғой. Сүйіктіңізге қандай ән арнар едіңіз?", - деп жазды әнші.

Әншінің бұл жазбасы көпшіліктің көңілін елжіретіп әкетті.

"Біздің Оралдың аппақ келіні", "Тұнып тұрған ақын екенсіз ғой", "Тамаша көрініс. Қандай бақытты отбасы! Бала-шағаларыңыздың қызығын көріп бақытты әдемі жанұя болып жүре беріңіз", "Махаббаттың символысыңдар", - деп жазды желі қолданушылары.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор