2832

"70 өлеңі бар". Атышулы блогер Мұрат Әбділдә түрмеден видео түсірді

Тиктокер, әнші түрмеден шыққалы жатыр ма?

"70 өлеңі бар". Атышулы блогер Мұрат Әбділдә түрмеден видео түсірді
видеодан алынған кадр

Smart News басылымының хабарлауынша, атышулы блогер Мұрат Әбділдә түрмеден видео түсірді. Бұл туралы Massaget.kz жазды. 

Видеоны "Түркістан" телеарнасы TikTok-парақшасында жариялады. Телеарна тілшісі Мұрат Әбділдәнің 70 өлеңі барын атап өтті. 

"Бұйырса шығамын", - дейді блогер. 

Айта кетейік, блогер Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда танымал блогер Мұрат Әбділда жазасын өтеп жатыр. Ол Instagram-дағы даулы жазбалары мен әнінің салдарынан "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін" 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Еске салайық, бұған дейін атышулы блогер Мұрат Әбділда түрмедегі өмірін айтып, алғаш рет сұхбат бергені хабарланған еді.

Кейінірек оның мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екені белгілі болды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор