100 ел артта: Қазақстан ақша жымқырудан әлем рейтиңінде нешінші орында?

30.12.2023, 18:18
1092
100 ел артта: Қазақстан ақша жымқырудан әлем рейтиңінде нешінші орында? afm_rk

Әлемдік «Basel AML Index» тәуелсіз рейтиңі жарияланды.

Smart News басылымының хабарлауынша, Қазақстан ақшаны жылыстатуға қарсы тәуелсіз рейтингте позициясын едәуір жақсартып, 100-ден астам елді артта қалдырды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі жазды.

2023 жылдың 13 қарашасында Базель менеджмент институты ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы ең беделді дереккөз болып табылатын жыл сайынғы «Basel AML Index» рейтиңін жариялады. 

"Рейтиңде Қазақстан 100-ден астам елді артқа тастап, 4,71 ұпай жинай отырып,  позициясын 27 тармаққа жақсартты. 

Бұл еліміз үшін 2012 жылдан бері жарияланып келе жатқан рейтиң тарихындағы ең жоғарғы нәтиже.

Қазақстан рейтиңде Қытай, Түркия, БАӘ, Сербия, Болгария, Венгрия, Румыния, Катар, Бахрейн және Сауд Арабиясы секілді елдерден басып озды, - деп жазды ҚМА.   

Тәуекел деңгейі ең төмен топ-5 елдің қатарына Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра және Швеция кірді.  

Айта кетейік, зерттеу қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландырудың (КЖ/ТҚ) жоғары тәуекелдеріне ықпал ететін әртүрлі факторларды өлшейтін 5 бағыт бойынша 18 көрсеткішке негізделеді. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды