816

ТЖМ: кеше 465 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып эвакуацияланды

Құтқарушылар боранда қанша адамды аман алып қалды?

ТЖМ: кеше 465 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып эвакуацияланды
qr_tjm

Smart News басылымының хабарлауынша, өткен тәулікте ҚР ТЖМ күштері 180 шығу жасады. 465 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып эвакуацияланған.

ТЖМ азаматтарды дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырды.

"Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор