Қазақстанда құжат алу бағасы өсті

01.01.2024, 16:06
2230
Қазақстанда құжат алу бағасы өсті ult.kz

Бүгіннен бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш артып, 3 692 теңге болды. Осыған байланысты азаматтар алатын жеке куәлік, туу туралы куәлік сынды құжаттардың құны көтеріліп отыр.

 

Атап айтар болсақ, былтыр АЕК мөлшері 3 450 теңге болған еді. Биыл ол 242 теңгеге артып отыр.

Осыған байланысты құжаттардың бағасы қымбаттады.

Мәселен, жеке куәлік құны — 0,2 АЕК.

Былтыр ол 690 теңге болса, биыл 738 теңгеге жетті.

Жүргізуші куәлігін алу үшін (1,25 АЕК) 4 615 теңге шығындайсыз.

Ал төлқұжаттың 36 және 48 беттік екі түрі бар.

Біріншісінің құны — 8 АЕК немесе 29 536 теңге, екіншісі — 12 АЕК немесе 44 304 теңге.

24 беттік балалар төлқұжаты — 4 АЕК немесе 14 768 теңге.

Неке куәлігінің бағасы - 1 АЕК, яғни 3 692 теңгені құрайды. Түрлі себептермен қайтадан алу керек болса, онда 1 846 теңге жұмсайсыз.

Балалардың туу туралы куәлігі тегін беріледі.

Алайда жоғалтып алып, қайтадан жасатсаңыз 1 846 теңге төлеуіңізге тура келеді.

Ал ажырасуға өтініш беру 2 АЕК-ті немесе 7 384 теңге болды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді