1102

Түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды алып шықты

1 қаңтар күні шамамен сағат 13:21 -де СҚО, Булаево ауылы, Целинная көшесі 7 мекен-жайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйден өрт болғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды алып шықты
Polisia.kz

Тексеру барысында пробация аға лейтенанты Ғалымжан Байбусин үй тұрғындарына көмек көрсеткені белгілі болды. Өртенген үйден 6 адамды алып шықты. Оның ішінде кішкентай бала да бар. Сонымен бірге офицер өртті оқшаулауға көмектескен. Өрт салдарынан пәтердегі терезе сынды. Өрт 12 шаршы метрді шарпыды. 

Өрт стокерге жақын орналасқан пластикалық терезе себеп болуы мүмкін.