Жантүршігерлік қылмыс: әйел адамның бөлшектелген денесі кәріз құдығынан табылды

02.01.2024, 11:25
5435
Жантүршігерлік қылмыс: әйел адамның бөлшектелген денесі кәріз құдығынан табылды Telegram - Mash

Татарстанда жантүршігерлік адам өлімі болды. Екі Өзбекстан азаматы 46 жастағы әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған деген күдікке ілінді. Бұл туралы түрлі ресейлік БАҚ хабарлады.

Massaget.kz  хабарлауынша, 46 жастағы әйелдің денесі 25 желтоқсанда кәріз құдығынан табылған. Ол жерде қолы, басы және аяғы бөлшектелген әйелдің денесі табылған. 46 жастағы әйелге 22 желтоқсанда іздеу жарияланған. 

Анасы жоғалып кеткені туралы ұлы полицияға 25 желтоқсанда хабарлаған. Оның сөзінше, анасы үш күн бойы байланысқа шықпаған. Соңғы рет анасымен 22 желтоқсанда сөйлескен. 

46 жастағы әйелді іздеу жұмыстары бірден басталған. Әуелі оның жұмыста бар-жоғы тексерілген. Алайда күзетші әйел адам ғимаратта жоғын айтқан. Артынша әйел адам тұрған пәтер де тексерілген. Алайда әйел адам ол жерде де болмаған. 

Бейнебақылау камерасында марқұм әйел жоғалып кеткен күні таңғы сағат 06.44-те үйге кіргені жазылып қалған. Артынша 07:44-те екі ер адам кірген. Ал сағат 12.05-те екі ер адам лифттен екі үлкен көк пакетпен шығып бара жатқаны көрсетіледі. 

Артынша олар көк пакетті үйден 100 метр жердегі кәріз құдығына лақтырып жіберген. Дәл осы пакеттен әйел адамның бөлшектелген денесі табылған.  

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 2001 және 1986 жылы туған екі Өзбекстан азаматы. Олар бұл іске қатысы жоғын айтып отыр. 

Қылмыс болған күні екеуі де Қырғызстанға ұшып кеткен.  

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды