793

Екі жасар баланы күйдіріп алған күтуші жұмыстан қуылды

Ақтаудағы балабақшалардың бірінде гигиеналық процедуралар кезінде 2 жасар қызды күйдіріп алған күтуші жұмыстан шығарылды. Бұл туралы lada.kz басылымы хабарлап отыр.

Екі жасар баланы күйдіріп алған күтуші жұмыстан қуылды
lada.kz

"Медбике мен тәрбиеші дереу шұғыл медициналық көмек көрсетті, ата-анасымен байланысып, жағдайды хабарлады. Ол кезде қызарып тұрған, жағдайы қанағаттанарлық болды. Алайда бір сағаттан кейін көпіршіктер пайда болды. Қатемізді мойындаймыз және осы оқиға үшін толық жауап береміз. Сондай-ақ, кез келген қосымша ақпарат беруге және баланы емдеу кезінде қажет болуы мүмкін көмекті көрсетуге дайынбыз. Балабақша басшылығы баланы емдеуге жұмсалған барлық шығынды өтеуге дайын", - деді меңгеруші.

Балаға гигиеналық процедураларды жүргізген күтуші сол күні жұмыстан шығарылған.

"Оның әрекеттерін ақтай алмаймыз. Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қажет шараларды қабылдаймыз. Баланың ата-анасынан болған оқиға үшін тағы да кешірім сұраймыз", - деді меңгеруші.