1089

"Бұрынғы күйеу балаларынан мұндайды көрмеген": 4 баламен америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы

Төрт баласымен шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан блогер ата-анасы мен күйеу бала арасындағы сыйластықты айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

"Бұрынғы күйеу балаларынан мұндайды көрмеген": 4 баламен америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы
janym_baklajanym

"Осындай отбасылық жылы қарым қатынасты армандаушы едім. Жігітін "күйеу баламын" деп әке-шешенің барлық жағдайын жасауға тырысатын. Мен бұрын ата-анамның бұрынғы күйеу балаларынан ондай қарым-қатынасты көрмегенмін, керісінше қыз жақ болып ата анам "сендер тыныш болсандар болды" деп иіліп жүретін..

Блогер сөзінше, ол ешқашан бағаланбайтын, одан сайын шалқаятынын жеткізді.

Ал қазір күйеу бала шетелдік болса да, бір-бірімен сөйлесе алмаса да, сыйластық арқасында "Осындай қыз өсірген, балаларды жеткізген сіздерге мың алғыс" деп көрсетіп жүр", - деді блогер.