784

Ұзаққа бармаған қуаныш: СҚО әкімі салтанатты түрде кілтін тапсырған пәтерлер бос тұр

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов желтоқсан айының басында бірнеше жыл баспана кезегінде тұрғандарға салтанатты түрде пәтер кілтін табыс еткен. Алайда жалға берілетін коммуналдық үйлер әлі күнге дейін бос тұр, деп хабарлайды Kazinform.

Ұзаққа бармаған қуаныш: СҚО әкімі салтанатты түрде кілтін тапсырған пәтерлер бос тұр
Олеся Жуковень/Kazinform

Петропавлдағы Береке шағынауданындағы көпқабатты алты үй басапанаға кезекте тұрғандарға деп салынған.

Осыдан бір ай бұрын бұл жерде салтанатты іс-шара өтіп, пәтер кілттері жүзі қуаныштан бал-бұл жанған тұрғындарға берілген еді.   

Бүгінде мұнда өлі тыныштық, тіршілік байқалмайды.

Оксана Тытенок 15 жыл баспана кезегінде тұрды. Ол жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санатына қарайды. Армандаған пәтеріне қол жеткіздім деп қуанған ол енді желтоқсаннан бері жаңа үйге кіре алмай жүр.