5430

"Арасында алыстап тұрған дұрыс": енді Гүлзира Айдарбекова ажырасуы мүмкін бе?

"Еш ренішіміз жоқ" дейді

"Арасында алыстап тұрған дұрыс": енді Гүлзира Айдарбекова ажырасуы мүмкін бе?
gulziraaidarbekova

Smart News басылымының хабарлауынша, Гүлзира Айдарбекова жұбайы Нұртас Айдарбеков туралы жазбалар қалдырды.

"Кейде, арасында аз уақытқа алыстап тұрған да дұрыс шығар. Бәрінің қайыры бар деген. Бір-біріміздің қадірімізге жетім тұратын дегенім ғой. Сағыныш деген ол да бір сезім.

Байқасаңыздар, маған арналған әндерінің көбісі гүлге теңеген. Гүл-сезімі болу бір бақыт!" деп жазды продюсер.

Екі жұп бірнеше айдан бері көптеген елдерді аралап үлгерген.

"Ескі жылдың соңын Америка елінің Майами, Чикаго, Нью-Йорк қалаларымен аяқтадық. Нүрекеме ұнаған Дубай мен Түркия болды. Дубай мен Түркия мұсылман елі болғандықтан ұнайды. Бақа-шаяннан тамақ жасайтын жерден қашады.

Өткен жылға еш ренішіміз жоқ. Келер жылдарымыз да жақсылыққа толы болғай. Сіздерге де сәтті сапар бұйырсын!" деп жазды продюсер.