«Омырауыма әкем де, күйеуім де ұялған жоқ»: Жазира Байырбекова ұзатқан қыз қауесетке жауап берді

05.01.2024, 12:19
18169
«Омырауыма әкем де, күйеуім де ұялған жоқ»: Жазира Байырбекова ұзатқан қыз қауесетке жауап берді видеодан алынған кадр

«Сәукеле мен ұлттық көйлек түріме жараспады»

Smart News басылымының хабарлауынша, әнші Жазира Байырбекованың әнімен ұзатылған Керім-Сұлу Найманбаева әлеуметтік желіні шулатқан видеоға қатысты жауап берді. Бұл туралы ernur.kz басылымы жазды.

«Менің ұзату тойым қоғамның назарын аударады деп ойламадым. Мен жұрт айтқандай эскортница емеспін, ішпеймін, шекпеймін. Бұрын тұрмыста болмағам. Ешқашан жаман тірлік жасамағанмын. Мұның бәрін мені мақтасын деп емес, мен туралы қауесетті таратпасын деп айтып отырмын.

Құдайға шүкір, толыққанды отбасынан шыққанмын. Көзім ашық, көкірегім ояу, тәрбие көргенмін. Қазақпын, қазақша сөйлеймін. Тойымда Жазира Байырбекованың ұзатқанын өзім қаладым. Ұлттық киімді ұзату тойымда кигім келмеді, шынымды айтайын. Сәукеле киер едім, тек келбетіме жараспады, содан кимедім.

Тойдағы ең әсерлі сәт – әкеммен вальс болды. Папам жылаған кезде жүрегім езілді, өзімді әрең ұстадым. Видеода әкем «қызымның омырауы бар екен, көрініп тұр екен» деп жылап жатқан жоқ. «Қызым бойжетіп, үйден кетейін деп жатыр» деп қимастықтан көңілі босап, жылап жатыр. Осы жұрт неге біреудің қуанышына ортақтаса алмайды?! Мен не киіп шықтым, кімге күйеуге тидім, сіздерге оның қатысы қанша? Мені сынамас бұрын өздеріңе қарап алыңдар!» деді Керім-Сұлу.

Айта кетейік, Керім Сұлу Найманбаева өзінің ұзату тойына кеудесі ашық көйлек киіп, сәукелесіз ұзатылды. Оны әнші Жазира Байырбекова өзінің «Инстаграмына» салып, «Бүгін ұзатылатын аруымыз Керім-Сұлу» деп жазды. Ал оған ел әртүрлі пікір жазды.

«Көйлекті қоя беріңізші, бедірейген түрін айтсаңызшы, «кесіп ал» деп тұр ғой», «Біреуді жұлайын деп бара жатқан сияқты екен», «Анау әннен обал болды», «Жалаңаш кете салмапты да», «Мынадай келіннен Құдай сақтасын, «Жазира тапсырыс алғанына өкініп кеткен шығар» деп жазды көпшілік.

Керім-Сұлу Найманбаева өзінің жеке парақшасында күйеуінен 25 жасқа кіші екенін, оның бірінші некесінен бір қызы барын айтты.

«Күйеуім бір жерде ген.директор, басқасы құпия. Мен некеге қарсымын, сондықтан маһрге ештеңе сұрамадым. Тек қалықмал берді. Мен оның заңды әйелімін. Күйеуім ұялып, «ұзату тойын жасамай-ақ қойсақ қайтеді» деп айтқан. Бірақ мен «той болмаса саған тұрмысқа шықпаймын» дедім. Бұйырса үлкен тойымызды күзде жасаймыз. Ал әзірге бал айына Мальдив аралдарына баруды жоспарлап отырмыз» деді ол.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды