"Жемқорлардың ақшасына": елімізде жымқырылған ақшаға 43 жаңа мектеп салынған

05.01.2024, 14:47
896
"Жемқорлардың ақшасына": елімізде жымқырылған ақшаға 43 жаңа мектеп салынған ашық дереккөзден

13 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді

Smart News басылымының хабарлауынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаражыға салынған 43 мектеп ашылды. Осылайша, елімізде үш апатты және 13 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлерде жаңа білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде тағы 54,4 мың жаңа оқушы орны пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Алматы және Түркістан облыстарында – 8 мектептен, ал елордада - 10 мектеп. 

«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен барлығы 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Жобалардың жалпы сомасы 96 млрд теңгеден асты. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың шоттарына түскен. 

Жалпы, қордың қызмет ету мерзімі ішінде 150 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Олар мектептерді, қосымша ғимараттар мен интернаттарды қайта жаңартуға, сондай-ақ үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мәселесін шешуге және оқушы орындарының тапшылығын жоюға жұмсалды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды