"Тимесе, ұра салады": фитнес-зал Айжан Байзақованың інісіне кіруге тыйым салды

05.01.2024, 17:09
1003
"Тимесе, ұра салады": фитнес-зал Айжан Байзақованың інісіне кіруге тыйым салды ашық дереккөзден

Бір видео үшін басы дауға қалды

Smart News басылымының хабарлауынша, танымал блогер Айжан Байзақованың інісі Алихан Байзақов желіге шулы видеосын жариялап басы дауға қалды.

Бейне жазбада блогер бокс тұлыбын аяусыз соғып жатқан видеосын жариялаған. Блогер бұл әрекетімен ұсынысқа қыз "жоқ" деп жауап берген жағдайда не істеу керектігін әзілмен жеткізбек болған.

Видео түсірілген Invictus фитнес-залы Алихан Байзақовтың бұл ісіне қатысты жауап беріп, оны ендігі фитнес-залға кіргізбейтіндері туралы мәлімдеме жасады.

"Invictus зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы. Бұл бейнеролик біздің құндылықтарымызға мүлде сәйкес келмейді. Этикаға жат дүние. Сол үшін біз Алихан Байзақовпен байланысып, одан бейнежазбаны өшіруін сұрадық. Ол өшіруден бас тартып, видеодан ешқандай зорлық-зомбылық белгілерін көрмейтінін айтты.

Invictus желісі клубтарының барлық мүшелері Шартқа сәйкес қоғамдық тәртіп ережелерін және қолданыстағы заңнаманы ұстануға, сондай-ақ моральдық-этикалық нормаларды сақтауға міндетті. Осы тармақтың бұзылуына байланысты біз Алихан Байзақовтың Invictus желісінің барлық клубтарына кіруге толығымен тыйым салу туралы шешім қабылдадық", - делінген фитнес-залдың хабарламасында.

Желі қолданушылары блогердің бұл әрекетін сынап, көптеген пікірлер қалдырды.

"Сонда қыз тимейсің десе, ұра сала ма?", "Әзіл ғой бұл видео көрініп тұр", "Фитнес зал адекват реакция танытты", "Енді әзілдемес бұрын ойланатын болады" деп жазды оқырмандар.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды