"Халық көріп отыр, кімді алдаймыз?": бұрынғы тележүргізуші Ескендір Сергебаев билік туралы айтты

06.01.2024, 13:18
3780
"Халық көріп отыр, кімді алдаймыз?": бұрынғы тележүргізуші Ескендір Сергебаев билік туралы айтты collage smartnews.kz

"Ауруын жасырған өледі"

Smart News басылымының хабарлауынша, "Миллион кімге бұйырады?" бағдарламасын жүргізген Ескендір Сергебай "Уақыт көрсетеді" арнасына сұхбат бере барды.

2012-2017 жылдары Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары болғанын айтты. 

"Былайша айтқанда, кез келген қызметтің жаманы жоқ. Жұмысқа сағыныш бар, әрине. Телевидениені де, сахнаны да, шығармашылықты да сағынасың. Қызметтің аты да бөлек. Еліңе, жұртыңа көмегің тигізуді де сағынасың.

Мемлекеттік қызметкердің ләззат алатын кезі - бір адамға көмегің тисе қуанасың. Біреудің баласын балабақша орналастырсаң да, біреуді мұғалім қылып жұмысқа кіргізсең де қуанасың. Әлі күнге дейін айтып жүреді.

Жұмыстағы қарбаласты емес, сондай сәттерді сағынамын"- деді Ескендір Сергебай.

Бұрынғы тележүргізуші әкімдік жұмысынан кетуінің себебін ашық айтты.

"Өзім заңгер болсам да, журналистикадан бастадым. Журналистиканы сүйдім. Ал мемлекеттік қызметке барғаннан кейін, кішкене "қарның ашқаннан" кейін, есікті тарс жауып кетіп қалғың келеді екен. Көңілің қала берген соң тастай саласың. Мемлекеттік қызмет көңілден шықпады" - деді ол.

Сондай-ақ ол президенттің бірнеше бағдарламасы сәтсіз болғанын айта кетті.

"Халық көріп отыр, кімнен жасырамыз? Президенттің қанша бағдарламасы болды, барлығы лента қиып тұрып, мынадай зауыт ашылды деп мақтанады. Өзім әкімдікте істегеннен кейін айтайын, сондағы халықтың 100%-ы тұрғындар емес. Әкімдіктің әлі кімге жетеді? Мұғалімдер. Мұғалімдердің бәрін әкеліп қойып, "рахмет, рахмет, ашылдық" деп мәз болады. Енді оны жасырып қайтеміз? Қазақ "ауруын жасырған өледі" дейді. Алдау болмау керек қой", - деп ағынан жарылды экс-әкім Ескендір Сергебаев.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған