Smart News басылымының хабарлауынша, танымал әнші Абай Бегейдің екінші жұбайы Фариза отбасылық суреттер салып, оқырмандарын қуантты.
"Осындай жылыыыы фотолармен бөліскім келіп тұр.
Біздің неше жылдық дұғамыздың нәтижесі.
Осы ай біздің некелескенімізге 7 жыл болады екен. Симби мен Аминок құттай бөпе болып келіп еді Ақтаудан. Қазір бойлары бізден ұзын, бойжеткен қыздар болып өсіп келе жатыр.
Ақтаудан келгенде екі қыз өте ашулы болып келіп еді деп күлеміз қазір. Бір жымиса екен деп алдыларында құрдай жорғалайтын едік", - деп жазды әншінің жары.
Оның бұл жазбасы көпшіліктің талқысына түсті.
"Мәссаған, 7 жыл болған ба?", "Әр қиындықтың артында бір жақсылық болары бәріне мәлім", "Қыздардың аналары сізге қатты риза шығар", "Өзің туған балаларды қосып түспедің бе?", "Абай Бегейді жасарттың" деген пікірлер жаудырды.