1715

Талдықорғанда екі адамды бауыздаған күдіктіге іздеу жарияланды

Іздестіру жалғасып жатыр.

Талдықорғанда екі адамды бауыздаған күдіктіге іздеу жарияланды
iStock

Smart News басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында екі адамды тамағынан кесіп өлтіріп кеткен күдікті іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Instagram-дағы krisp.tdk парақшасы хабарлады.

«Бүгін Талдықорған қаласындағы Ақбастау көшесінде орналасқа тұрғын үйден тамағы кесілген екі адамның денесі табылды. Сұмдық жағдай. Мұны кім жасады? Иманды болсын!», - делінген жазбада.

Жетісу облысы полиция департаменті бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деп хабарлады ведомство.

Материал авторы