QYZPU ғалымдары Алматының ауасын тазарту бойынша зерттеу жұмыстарын қайда жүргізетіндіктерін көрсетті

07.01.2024, 10:46
667
QYZPU ғалымдары Алматының ауасын тазарту бойынша зерттеу жұмыстарын қайда жүргізетіндіктерін көрсетті gov.kz

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физиологтары мен генетиктері ауадағы зиянды қалдықтарды бойына қарқынды сіңіретін өсімдіктерді өсіретін жерді көрсетті. Ғылыми зерттеулерге арналған учаскенің жалпы аумағы 9 гектар. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Оның 2 гектарында қазіргі кезде жеміс ағаштары өсіп тұр. Яғни ауаны тазартуға бағытталған ғылыми жұмыстар қалған 7 гектарында жүргізіледі.

Жер Алматы облысындағы Көлді агробиостансасының маңында орналасқан. Ал көшеттерді ғалымдар қазірден дайындап жатыр. Әзірге үш түрлі ағаш, атап айтқанда арша, каштан және емен өсіруде. Ғалымдардың айтуынша, каштан, емен мен аршаның бірнеше түрі бар. Зерттеу барысында солардың ең тиімділерін анықтап, содан егу жұмыстарын бастайды.

Ағзаны тазартатын препарат үшін Шығыс Қазақстаннан әкелінетін Алтай үшқаты өсімдігі де осында егіледі.

Естеріңізге салсақ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физиолог-генетиктері Алматы қаласының ауасын тазартудың инновациялық әдісін ойлап тапты. Ол үшін бір топ ғалым зиянды заттарды бойына қарқынды сіңіретін өсімдіктерді өсірмек. Қала тұрғындарының денсаулығы мен экологияны жақсартуға бағытталған ғылыми-өндірістік жұмыстар биыл көктемде басталады.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған