Smart News басылымының хабарлауынша, ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті құжаты жоқ құны 808 млн теңгені құрайтын вагон темекі өнімдерін Қырғыз Республикасынан әкелу әрекетінің жолын кесті.
Тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталды.
Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, олардың нәтижесiнде қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.