"Бір жылап алдым": анасын іздеген Жәнібекке қатысты жаңа дерек белгілі болды

07.01.2024, 18:53
4773
"Бір жылап алдым": анасын іздеген Жәнібекке қатысты жаңа дерек белгілі болды видеодан алынған кадр

"Нәтижесі 0% болып шықты"

Smart News басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан, яғни Жәнібек Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Эдди Жан Қазақстаннан кетіп бара жатқаны жөнінде хабар тараған еді. Енді Тайландта жүрген Жәнібек анасына қатысты жаңа деректің белгілі болғанын айтты.

"Менің туған анамды табуға деген үмітімді үзбей, қолдап отырғандарыңызға рақмет. Осы бір күрделі жұмбақты шешу жолында әр адамның менің өмірімдегі рөлі ерекше, сіздерге алғыстан басқа айтарым жоқ.

Қазақ радиосына барғанымда айтылған әйел — «Жазира» естеріңізде ме? Менің өмірге келген сәтімнен бастап бәрін айтып бере алатын әйел сол еді. Маған қатысты перзентханадағы ресми құжат бойынша менің туған анам деп жазылған адам да сол еді... Естеріңізге түсті деп ойлаймын.

Сілекей сынамасы арқылы жасатқан тест нәтижесі 0% болып шықты. Нәтижеге сенімді болу үшін басқа клиникаға екінші рет қан арқылы тест жасаттық. Біз тағы да теріс нәтиже алдық.

Иә, шындық осы. Мен тағы бір жылап алдым. Мен қатысып отырған эфирді көріп, ол әйел де жылапты... Қолда бар мәліметті қорытсақ, мені ауыстырып жіберген сияқты және мен құжатта жазылған Жәнібек те болмауым мүмкін...", - деді ол.

Сондай-ақ Эдди Жан Қазақ радио ұжымы іздеуді жалғастырып, Арқалық қаласына баратынын айтты.

"Келесі қадам: Қымбат Досжан мен Әсел Асқарқызы! Осы екі керемет адам мен Қазақ радиосының қызметкерлері зерттеуді бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Олар жақында менің туған жерім Арқалық қаласына барады. Алғашқыдай емес, жіптің ұшы шыққан сияқты! Енді... мен оның, ол менің аты-жөніммен өмір сүріп жүрген баланы іздейміз", - деп жазды ол.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады