MIT Global Teaching Labs студенттері Катонқарағай мектебінде бір ай бойы семинар өткізеді

08.01.2024, 13:44
619
MIT Global Teaching Labs студенттері Катонқарағай мектебінде бір ай бойы семинар өткізеді

Былтыр мамыр айында Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Катонқарағайдағы орта мектебін Global Teaching Labs (GTL) бағдарламасына қатысуға өтінім тапсырған еді. Нәтижесінде С. Ластаев атындағы мектеп GTL тізіміне енді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Global Teaching Labs (GTL)  - жыл сайын MIT үздік студенттерді әлем елдеріне оқыту тәжірибелерімен  жіберетін бағдарламасы. Онда студенттер әртүрлі мәдени кеңістіктегі қатарластарымен бірге білім алып, оны басқалармен бөлісуге мүмкіндік алады.

Іріктеу кезеңі мен келіссөздер қорытындысы бойынша С.Ластаев атындағы орта мектебін MIT 2 студенті келуге ниет білдірді. Олар: компьютерлік технологиялар мен физикадан семинар өткізетін Александр Эдуард Шерстнев және дизайн және бағдарламалау бойынша өз тәжірибесімен бөлісетін Ханна Парк. Студенттер семинарларын ағылшын тілінде жүргізеді.

Қазір MIT студенттері бір ай бойы ұйымдастыратын семинарларға қатысатын мектеп оқушылары іріктеліп жатыр. Сондай-ақ олар оқу үрдісі мен білім беру тәсілдерін педагогикалық ұжыммен және директормен ақылдасу арқылы шешеді.
Айта кетсек, Массачусетс технологиялық институты (MIT) – АҚШ-та орналасқан, технология және жаратылыстану бағытындағы бағдарламаларымен танымал әлемдік деңгейдегі беделді университеттердің бірі.

Әр жылдың қаңтар айында GTL қатысушылары орта және жоғары сынып оқушыларына ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) курстарын, кейде кәсіпкерлік пен пікірталас дағдыларын үйрету үшін шетелге 3-4 апталық сапарға аттанады. Бұл бағдарламаға институт бойынша жүздеген жоғары білікті үміткер тартылады. Таңдалған қатысушылар шақырушы елдің білім беру жүйесі мен мәдениетімен алдын-ала танысып, оқу материалдары мен коммуникация әдістері бойынша дайындықтан өтеді.

«Рowered by NIS ауыл мектебі» – қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға арналған коммерциялық емес жоба. Ол мұғалімдердің біліктілігін арттыру және ауыл мектептерінің материалдық базасын жаңарту тәрізді екі бағытты қамтиды. Жоба AITAS холдингінің және оның негізін қалаушы Серік Толықпаевтың қолдауымен жүзеге асып отыр.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды