"Аузынан құлағына дейін кескен". Екі ұлын өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты

10.01.2024, 10:30
3076
"Аузынан құлағына дейін кескен". Екі ұлын өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты yk-news.kz

Алматыда екі ұлын пышақтап өлтірген әкеге қатысты тың дерек айтылды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлап отыр.

EL.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол балаларды қалай өлтіргенін бастан-аяқ видеоға түсіріп, әйеліне төрт парақ хат қалдырып кеткен. Марқұмдардың туыстары қаскөйдің мұндай қылмысқа қызғаныштан барғанын айтып отыр. 

Себебі, екеуінің арасындағы жанжал ешқашан үзілмеген дейді. Тіпті, ажырасуға дейін барыпты. Ақыр соңында күйеуі бүкіл өкпе-назын қағаз бетіне түсіріп, балаларын өлтіріп, өш алмақ болған.  Қайғылы оқиға Райымбек даңғылы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйде болған. Екі бүлдіршіннің өмірі осы пәтерде қиылды. Арнайы белгі де әлі тұр. Өткен бейсенбіде қатыгез әке №30 пәтерді бір тәулікке жалдап, өзінің екі баласын кіргізеді. Болжам бойынша сол үйде балаларын пышақтап тастаған. 

Өлерінде жанұшыра шыңғырған балақайлардың дауысын көршілер естіпті. Бірақ ешкім айтарлықтай мән бермеген. Өйткені бұл пәтер жалға берілетін болған соң, кім көрінген кіріп-шығып, әрқайсысы ылаң салып кетеді екен.  

Пәтерде ол балаларды тамақтандырып, теледидарды қосып берген. Өзі 3-4 бет хат жазған. Осыдан кейін ұлдарына кіріскен. Біреуінің аузынан құлағына дейін кесіп тастаған. Екеуінің мойны кесілген. Көршілер бір баланың балконға шығып «көмектесіңдер» деп айқайлағанын естіген екен. Ақыр соңында өзіне пышақ сұғып, жансақтау бөліміне түсті. Қазір ауруханада жатыр, - деді марқұмдардың әжесі Валентина Осина. 

Бұл қылмысқа баруын марқұмдардың әжесі қызғаныштан ба деп күдіктенеді. Өйткені қызы мен күйеу баласының арасындағы жанжал таусылмаған. Осыдан 9 жыл бұрын ажырасыпты. Бірақ заңды түрде ажырасса да, үйден кетпей қойды деп отыр. Соңында тіпті қайда, кіммен жүргенін бақылап отырған. 

Өз баласын ажал құштырған 38 жастағы ер адамның тұрақты жұмысы болмапты. Әйелінің арқасында күн көріп жүрген дейді. Жұбайы мейірбике болып жұмыс істейді. Қазір аталмыш оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Аталмыш дерек бойынша Алмалы ауданы ПБ қызметкерлері ҚК-нің 99-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптама, зерттеу тағайындалды. Болған қылмыстың толық мән-жайы анықталып жатыр, - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Заңға сәйкес, енді қаскөй кемі 20 жыл немесе өмір бойына дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады