"Кінәлі емес деді". Нүкенованың өліміне қатысты ағасы жаңа дерек айтты

10.01.2024, 11:57
854
"Кінәлі емес деді". Нүкенованың өліміне қатысты ағасы жаңа дерек айтты Tengrinews.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы заңгер Жанна Уразбахова әлеуметтік желіде хабарлады.

Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғаушылық өтініштерін бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі. Марқұмның ағасы Қайрат Нүкенов "Ертысбаев live" youtube-арнасына берген сұхбатында бірнеше жаңа деректерді айтты. Бұл туралы Massaget.kz хабарлап отыр.

Ол Байжановтың отбасы кездесуге шақырғанын айтты.

"Қуандық Бишімбаевпен қылмысқа бірге қатысқан Байжанов тергеуде Салтанаттың пульсін тексергенін, ұйықтап жатыр деп ойлағанын айтты. Қазір ол күдікті ретінде қамауға алынды. Қайғылы жағдайдан соң Байжановтың отбасы, ата-анасы, әйелі Астанада мені кездесуге шақырды. Олар Байжановтың кінәлі емес екенін, Қуандықтың ықпалында болғандықтан осындай әрекетке барғанын, тек берілген тапсырманы орындағанын айтты. Түрлі бұйрық берілуі мүмкін, бірақ өлімге қатысты бұйрықты орындап, оған көмектесу тапсырманы орындау емес, қылмысқа қатысы бар деп есептеледі. Олардың кешірім сұрайтынын, балаларын қорғайтынын білдім. Шындық ашылмайынша, ол бәрібір қылмысқа қатысы бар деп есептеледі. Жалпы ол балаларының тағдырын ойлап, шындықты айтқаны жөн", - деді Қайрат Нүкенов. 

Сондай-ақ, ол кейбір видео, фотолардың сақталмағанын айтты.

"Салтанатқа ұқсайтын екі қыздың келгені, Бишімбаевпен сөйлескен жазбалары сақталмаған. Олар неше сағат отырған, не туралы сөйлескен, соны бәрі тергелуі керек. Сол кезде бізге оқиға анық бола бастайды. Салтанатқа ұқсайтын қыз тергеу кезінде мүлде басқа нәрсе айтты. Оның қорқып отырғаны түсінікті. Адамгершілік тұрғысынан қарасақ, қылмыскердің жағында болған дұрыс емес. Сол үшін шындықты айтқаны жөн деп есептеймін. Бұл біз үшін маңызды", - деді ол.

 

Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады? Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек?