812

Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс бойынша тергеу жүріп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты тергеу туралы деректерін жария етті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты.

Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс бойынша тергеу жүріп жатыр
Қайрат Сатыбалды

«Агенттік қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-тармағының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, сотқа жіберді. Қайрат Сатыбалды қылмыстық жолмен алынған және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті, оның ішінде шетелден де сатып алған. Ақшаны Қазақстан аумағындағы және шетелдегі банк шотына салған», - деді Арман Тілеукенов.

Бұдан бөлек Қайрат Сатыбалдының үстінен салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.