SDU university білім ордасында Daryn FIRST Championship фестивалі өтті

10.01.2024, 18:14
838
SDU university білім ордасында Daryn FIRST Championship фестивалі өтті gov.kz

SDU University қабырғасында робототехникадан республикалық Daryn FIRST Championship чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. 2 күнге созылған тартысты додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық оқушы жиналды.

Ауқымды шараның негізгі мақсаты – жастардың зияткерлік, техникалық және инженерлік әлеуетін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру әрі ғылым-білімге деген ынта-жігерін арттыру еді.

Чемпионат барысында қатысушы топтар өздерінің үздік жобаларын таныстырып, кодтау, роботты құрау әрі бағдарламалау бағыты бойынша білімдерін ортаға салды.

Екі күндік сайыс нәтижесінде үздік деп танылған Queue team, Zhamakaev 145, Sana team, PID командалары 9-10 наурызда Кипрде өтетін ашық чемпионатқа жолдама алды. Сондай-ақ, жақсы нәтиже көрсеткен 13 команда Орталық Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ерекше атап өтетін бір жайт, өткен жылы SDU University Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің Ақпараттық жүйелер мамандығының 2015 жылғы түлектері Нұрдәулет Досмағамбет, Бекзат Инкаров пен Асылбек Мырзахметовтың жетекшілігімен Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен FIRST Global Challenge робототехникадан ең ірі чемпионатта рекордтық нәтижелерге қол жеткізген еді. Әлемнің түкпір-түкпірінен 190-нан астам ел қатысқан дүбірлі додада біздің отандастырымыз бас жүлдені жеңіп алып, әлем чемпионы атанған еді.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр