Азамат Дəулетбеков еркін күрестен Zagreb Open турнирінің финалына шықты

11.01.2024, 09:25
878
Азамат Дəулетбеков еркін күрестен Zagreb Open турнирінің финалына шықты olympic.kz

Еркін күрестен ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дəулетбеков (86 келі) Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан Zagreb Open рейтингтік турнирінің финалына шықты.

 

Kazinform хабарлауынша, Қазақстандық балуан алғашқы белдеуінде үндістандық Дипак Пунияны 6:2 есебімен қапы қалдырды.

Қарсыласы 2019 жылғы əлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған тәжірибелі балуан еді.

Одан кейін Азамат украиндық Валентин Бабий мен грузиялық Евсем Швелидзені тізе бүктіріп, афиналға жолдама алды.

Алдағы қарсыласы — болгариялық Магомед Рамазанов. Финалдық белдесу бүгін, 11 қаңтар күні болады.

Азамат былтыр Сербия астанасы Белградта өткен əлем чемпионатында қола жүлдеге ие болып, Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.

Рейтингтік бəсекеде еліміздің атынан Ирина Казюлина (65 келі), Елена Шалыгина (68 келі) мен Эльмира Сыздықова (76 келі) күш сынасады.

Сондай-ақ биыл 6-9 маусым күндері Венгрияның Будапешт қаласында кезекті рейтингілік турнир ұйымдастырылады.

11-16 сәуір аралығында балуандар Қырғыз елінің астанасы Бішкекте өтетін жыл сайынғы Азия біріншілігінде де рейтингілік ұпайлар үшін күреседі

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды