«Тазалықшы боп, 10 есе көп табамын». Қазақстандық әйел 3 баласын елге тастап, Германияға кеткен

11.01.2024, 10:17
1838
«Тазалықшы боп, 10 есе көп табамын». Қазақстандық әйел 3 баласын елге тастап, Германияға кеткен el.kz

3 баласын елде тастап, Германияға табыс табуға кеткен келіншек әлеуметтік желіде өз оқиғасын айтып берді. Ол мәжбүрліктен шетелге кетіп, елде қалған балалары үшін ауыр жұмыс істеп жүргенін айтты. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Бұл мақтаныш емес. Дәл мына жүрісім мақтаныш емес. Мен демалып, қыдырып жүргенімді көрсетіп жатқан жоқпын. Міне, қолымыз күс-күс болып, демалыс күні де тазалаймыз. Неге осындай қара жұмысты елде істесек те жағдайымыз жақсармайды? Әттеген-ай. 3 бала елде, жаным, жүрегім тыныш емес. Ұйқым тыныш емес, - деп ағынан жарылды.

Тазалықшы боп жүрген келіншектің екі дипломы бар болып шықты.

Екі дипломым бар, жоғары білім алған қызбын. Бірақ, мен 2019 жылға дейін мүгедек жандармен жұмыс істедім, көптеген құйтырқы әрекеттерге куә болдым. Ол жақта да жарымжан жандардың құқығын қорғаймын деп талай кедергіге тап болдым. "Әділдік жоқ екен ғой" деп шетел асып кеттім. Қазір балаларым кішкентай, аяққа тұрып алсам, елге барып қызметімді істеймін, - деді қазақ келіншек.

Германияда жүріп, елдегі ең төменгі жалақыдан 10 есе көп табатынын да жасырмады.

Бұл елдің азаматы болмаған соң ешқандай құқығымыз жоқ. Сол үшін қолымыз күс-күс болып, қара жұмыс істеп жүрміз. Иә, сіздер алып жатқан 80 мың айлықтың 10-15 есе жоғары алып жатырмыз. Адал еңбегіміздің бағаланып жатқанына да шүкір. Жексенбі күні 2 сағат тазалықшы боп, 50 мың теңге табамын. Оны сіздер Қазақстанда жарты айда табасыздар, дұрыс па? Мен Қазақстанды жақсы көремін. Сіздердің де жағдайларыңыз жақсарса екен деймін, - дейді ол.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)