Жыл басынан бері 4 адам пойыз астына түскен

11.01.2024, 13:03
1164
Жыл басынан бері 4 адам пойыз астына түскен polisia.kz

Елімізде қаңтардың басынан бері теміржол төсемін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

8-12 қаңтар аралығында көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Көліктегі қауіпсіздік» атты кең ауқымды акция өтіп жатыр. Айтулы акцияның мақсаты – көлік объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс пен жазатайым оқиғалардың алдын алу. Қаңтардың бірінші онкүндігінде жылжымалы құрамның астына 4 азамат түсті, оның ішінде 2 дерек өліммен аяқталды.

Теміржол төсемін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 1 мың 24 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, 9 қаңтарда Ақмола облысының Қара-Адыр станциясында жүк пойызының машинисі теміржолда бөгде адамның болуына байланысты шұғыл тежеу қолданды. Тексеру барысында көлік полицейлері белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өткен Ақмола облысының 69 жастағы тұрғынын анықтады.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл баптың санкциясы ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш (11 076 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, – делінген хабарламда.

Көлік полицейлері теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздік ережелеріне сәйкес белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өтуге тыйым салынғанын еске салады. Теміржолдан өту үшін арнайы жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін (туннельдер, көпірлер) пайдалану қажет.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді