Қазақстан мен Беларусь арасында «түсінбестік» туындады. Сауда министрі түсінік берді

11.01.2024, 15:43
2233
Қазақстан мен Беларусь арасында «түсінбестік» туындады. Сауда министрі түсінік берді Sputnik / Виктор Толочко

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның жүк тасымалдаушылары Беларусь арқылы неге Еуропаға өте алмай жатқанына түсінік берді. Бұл туралы Halyq Uni хабарлап отыр.

Ведомство басшысы мұндай мәселе барын мойындады.

Биыл 8 қаңтардан бастап осындай мәселе туындады. Қазір Ресей және Беларусьтегі әріптестерімізбен бірге оны талқылап жатырмыз. Біз бұл мәселені комиссияға ресми түрде жібереміз. Бүгінде олардан жауап күтіп отырмыз. Менің ойымша, бұл – кедергі, техникалық барьер. Олай болмауы керек, - деді Арман Шаққалиев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министр мәселе жақын арада шешілмесе, Беларусь әрекетін Қазақстан тарапы ресми түрде кедергі деп санайтынын жеткізді.

Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың интеграция шарттарына сәйкес келмейді. Біздің әріптестеріміз (Беларусь тарапы) мұны қауіпсіздіктің мәселесі дейді. Олар шарттың 29-бабында ондай негіз барын айтады. Алайда бұл мәселеге біз басқаша қараймыз. Бұл тауар қозғалысын шектейді. Мәселені тиісті деңгейде реттей алмасақ, ресми түрде комиссия қарауына мұны кедергі ретінде енгіземіз, - деді басшы.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр дәстүрлі сауда жолдары үзіліп, Қазақстанның балама жол іздеуге мәжбүр екенін айтқан еді. Сондай-ақ еліміз Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Еуропамен байланысты нығайтуды көздейтіні хабарланды.

«Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді