Google «2ГИС» қосымшасын зиянды деп тапты

11.01.2024, 19:23
599
Google «2ГИС» қосымшасын зиянды деп тапты cnews.ru

Кейбір интернет қолданушылары Android құрылғыларына арналған Google Play маркеті «2ГИС» картографиялық сервисінің қосымшасын зиянды деп тапқанын хабарлады. «2ГИС» баспасөз қызметі бұл туралы білетін болып шықты және олар бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Kazinform ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«2ГИС» бұл қосымшалар маркетінде 2023 жылдан бері уақытша ашылмай тұр.

Google Play қорғаныс жүйесінен қолданушыларға жіберілген хабарламаларда қосымшаның «SMS, сурет, аудиожазбалар, қоңыраулар журналы сияқты жеке мәліметтерге қол жеткізуге ұмтылып жатыр» деген ескертулер бар. Желі қолданушылары бұл проблемаға жаппай шағымдана бастады.

«2ГИС» өкілдері болса, қосымшаның қауіпсіз, сенімді әрі зиянсыз екенін мәлім етті.

«Аталған хабарландырулар Google талаптарымен байланысты және бұл талаптар Google Play-де уақытша қолжетімсіз болатын барлық қосымшаларға бірдей жүреді», - деп түсіндірді сервистің баспасөз қызметі.

Сервис өкілдері оны қолданушылар дауыс арқылы іздеу жұмыстарын жүргізіп, ұйымға тікелей телефон арқылы хабарласуы үшін, бір сөзбен айтқанда сервистің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету үшін микрофон мен қоңырауларды пайдалануға мүмкіндік беруді сұрап отырғанын жеткізді. SMS-ке қолжетімділік қосымшаға тіркелген кезде қолданушының телефонына автоматты түрде код жіберу үшін керек.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды