"Өзімді тоқтатамын": Сәкен Майғазы марқұм әкесін еске алып отырып, жылап қалды

Аиса Махамбет Редактор
12.01.2024, 11:24
1750
"Өзімді тоқтатамын": Сәкен Майғазы марқұм әкесін еске алып отырып, жылап қалды stan.kz

"Мінезі керемет, жібек болған" дейді

SmartNews басылымының хабарлауынша, әнші Сәкен Майғазы Safi studio подкастында ұлы Әділет Майғазымен бірге сұхбат құрды. Ұлымен әңгімесінде Әділет әкесіне "Егер мен сіз болсам, сіз атам болсаңыз, маған не айтар едіңіз? Болмаса ол кісіге не дер едіңіз?" деген сұрақ қойды.

“Әкемдей болсам деп армандайтынмын. Үнемі саған айтушы едім ғой, балам. Өмірде үш идеалым бар: әкем, Өзбекәлі Жәнібеков және Дінмұхаммед Қонаев. Кейде менің орнымда әкем болса не істер еді деген сұрақпен тоқтаймын көпшілік жерде. Біреу ашуландырғанда, жүйкем тозғанда, сабырсыз болған кезде әкемді есіме аламын. Сол арқылы өзімді тоқтатамын. Әкемді көрсем алғыс айтар едім. Оның рухына бағыштаған Құранымыз оның рухын шат-шадыман етеді деп ойлаймын. Мінезі керемет, жібек болған. Бірінші атаңды көрсем, алғыс айтып, маңдайынан сүйер едім. Иіскеп, құшақтар едім", – деп жан сырын ақтарды әнші.

Өнер иесі әкесі туралы естелікті айта отырып, “Сағынышым жылдан-жылға үдеп келе жатыр” деп көз жасына ерік берді. 

“Әкем өзі үлгі болды деп айтар едім. “Сен жаман оқыма, жақсы оқы, біреудің ала жібін аттама, біреуді ренжітпе, біреудің есесін жеме” деген сияқты сөздерді ешқашан айтқан емес өмірінде. Ол кісі көрсетті. Сондық болмысымен ол кісіні бағалаймын. Тау алыстаған сайын биіктейді дегендей, әкем 2005 жылы дүниеден өтті. Бірақ сағынышым жылдан жылға үдеп келе жатқан сияқты. Әкемнен көрген тәрбиені балама көрсеткім келеді. Үнемі айтып та жүрмін. Егер өзің оғаш қылып істеп, темекі тартып, арақ ішіп отырып, балаңа темекі шекпе, арақ ішпе деп айту ақылға сыймайтын дүние. Сол сияқты әкемнен көп дүние алдық. Ол кісінің болмысынан, жүріс-тұрысынан. Әкемізден жаман сөз естімейік деп қана кеттік-ау. Мен әкемнен мақтау сөз естиін болмаса ұпай жинайын деген ой болған емес. Бірақ әкем көзіме мақтаған да емес”, – деп еске алады әнші.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды