"Иттің зары Құдайға қабыл болса, аспаннан сүйек жауар еді": Төреғали төрт әйел алмақ

Аиса Махамбет Редактор
12.01.2024, 19:09
2116
"Иттің зары Құдайға қабыл болса, аспаннан сүйек жауар еді": Төреғали төрт әйел алмақ жеке парақшасынан

"Құранда айтылғандай төрт әйел алуға дейін рұқсат етілген"

SmartNews басылымының хабарлауынша, әнші Төреғали Төреәлі әйелі Толқын Тұрарбекқызының «Инстаграмы» арқылы оқырмандардың қойған он сауалына жауап берген. 

«Төреғали не үшін Толқынды таңдады?» депті, осы сұрақты маған көп қояды. Тағдыр деген бар, бәрі бірінші Алланың қалауы болды. Сосын жар таңдаған кезде алдымен ата-тегіне қараңдар, ата-анасын көріңдер дейді ғой. Соған мән бердік. Ниетімізге байланысты Алла берді. Нақты мынау нәрсе үшін деп айта алмаймын.

Менің әйеліме «Төреңіздің 4 әйел аламын дегені қаншалықты рас?» деген сұрақ жиі қойылады екен. Жалпы, мен осы әңгімені қозғайын деп, не болмаса соны айтайын деп сұранып сұхбатқа барған жоқпын. Сұрақты шындық детекторы арқылы қойылған соң, өтірік айта алмадым. Негізі Құранда айтылғандай төрт әйел алуға дейін рұқсат етілген. Тағы да қайталап өтейін, егер де менің тағдырыма тағы да әйел алу жазылған болса, оны алмай қоймаймын. Ал тағдырыма жазылмаған болса, мен оны ала алмаймын. Бұның жауабы – осы. «Иттің зары Құдайға қабыл болса, аспаннан сүйек-саяқ жауар еді» деген бар. Менің айтқаным бола беретін болса, мен қазір басқаша өмір сүрер едім» деді Төреғали Төреәлі.

Әнші әйелімен алғаш танысқан кезін де есіне алды.

«Толқынмен бас құрағанымызға тоғыз жыл бопты, бірақ мен оны 15 жылдан бері білемін. Байқоңырдан Алматыға келіп, Талдықорғанда болатын оқушылар, студенттер айтысына барғаннан білемін. Кейін бұл студент боп, оқуға түсті. «Ана тілі аруы» байқауына қатысатын боп, оған таныстыру жазып бергем. Сосын біздің студияда ән жаздырды. Ал енді үйленетін уақыт жеткенде «баяғы қыз қайда еді» деп іздей бастадым. Сөйтіп жүргенде Толқынның інісі үйленіп, тойда ән айтатын өнерпаздар іздеген екен. Бір таныстарым арқылы сол тойда ән айттым. Екі айдан кейін біздің тойымыз болды» деді Төреш.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды