Атырау облысында жолаушылар пойызы бес түйені басып кетті

16.01.2024, 11:17
1104
Атырау облысында жолаушылар пойызы бес түйені басып кетті agriexpert.ru

Атырау облысында «Волгоград-Ташкент» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы 5 түйені басып кетті. Тепловоз машинисі шұғыл тежеу тетігін іске қосқанымен, пойыз тоқтап үлгермеген. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 13 қаңтарда болған.

«Жылыой ауданындағы Құлсары теміржол стансасының машинисі шұғыл тежеу тетігін іске қосты. Бұған теміржол бойында бірнеше түйенің жүргені себеп болған. Алайда, жолаушылар пойызы тоқтап үлгермей, бес түйені басып кетті», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Түлік иесінің теміржол бойында мал жаюы — заңсыз әрекет. Сол себепті, мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Шұғыл тежеу ​​және жануарлармен соқтығыстың салдарынан пойыздар ұзақ тұрып қалады. Локомотивтер зақымданып, шығынға ұшырайды. Осыған байланысты көліктегі полиция департаменті үй жануарларының иелеріне қауіпсіздік шараларын ескеріп, теміржол маңында мал жаюда сақ болуды ескертеді», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)