2541

Рахат Тұрлыханов қамауға алынды

Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік іс аппеляциялық сотта қайта қаралды. Айыпталушының жазасы - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді.

Рахат Тұрлыханов қамауға алынды
Бейнежазбадан
Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Р.Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған.

Аталған материалды қарау барысында, сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді.

Алматы қалалық сотының алқасы, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысын өзгерті.

«Сот алқасының қаулысымен Р.Тұрлыхановқа қатысты жаза - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енді.