"Әйелімді еркектерге сатады": ер адам өзінен 24 жас кіші жары мен балаларынан айырылып қалғанын айтты

16.01.2024, 16:57
2024
"Әйелімді еркектерге сатады": ер адам өзінен 24 жас кіші жары мен балаларынан айырылып қалғанын айтты Бейнежазбадан

Түркістандық Әбдәкім Төлепов 12 жыл азаматтық некеде тұрған жары мен балаларынан айырылып қалған. Осыдан 10 ай бұрын балдызы жары мен балаларын алып кетіпті. Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтты.

“2017 жылдан бері ол алып кетіп қалады. Ашығын айтайын, ол әйелімді еркектерге сатады. Ұрып ұстайды. Кемпірдің баласы да ұрады. Өзінің туған сіңілісі өтірік әдемі сөйлеп, былай шыққанда ұрады екен. Жұмысқа шығарады екен. Асханаға 3 мың теңгеге жұмысқа шығарып, ақшасын өзі алады екен”,-дейді ол.

Bugin.kz хабарлауынша, Әбдәкімнің жары өзінен 24 жас кіші екен. Жарының сіңілісі Айтолқын да оқиғаны өзінше айтты. Студияда екі тарап төбелесіп қалды.

“Сен жақсы болсаң, әпкем сенен қашып келмейтін еді. Қарлығаш деген куәгер бар. Ол қашып келді”,-деді сіңлісі.

Әбдәкім “Салтанаттың тұңғышы Айтолқын сатты” деп айып тақты. Ол қызды балалар үйінен заңды түрде бай отбасынан асырап  алды.

Салтанат 10 айдан бері сіңілісіне қашып кеткенін айтады:

“Күйеуім балаларды мойындамайтын. Балалар менен емес деп айып тағатын. Ол ұрып, жанжал шығаратын”,-деді.

Әбдәкім Салтанатқа қайнаған су құйып, жауын кезінде тастай салқын сарайға қамаған кезі болған екен.

Айтолқын Салтанаттың тыртықтарын көрсетіп, Әбдәкім жасаған қорлықтар туралы айтады.

Бағдарлама соңында Әбдәкім балаларымен қауышып, сыйлық берді.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды