Болат Назарбаевтың үлесіндегі Қордай ауданындағы базардың жері мемлекетке қайтарылды

17.01.2024, 17:35
841
Болат Назарбаевтың үлесіндегі Қордай ауданындағы базардың жері мемлекетке қайтарылды Прокуратура

2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Б. Н. Назарбаевқа тиесілі «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-ға «Барыс-2» сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілген.

 

Іnform.kz хабарлауынша, Жамбыл облысының прокуратурасы учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылғанын мәлімдеді.

«Атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген. Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап қою берді.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы № 81 және № 82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы «Қордай Инвест» ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды», — деп жазды бақылаушы органнан.

Сот қаулысы 2023 жылғы 28 желтоқсанда заңды күшіне енген, жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды