БҚО-да ажиотаж: жұмыртқа бір адамға 10 данадан сатылып жатыр

18.01.2024, 16:42
922
БҚО-да ажиотаж: жұмыртқа бір адамға 10 данадан сатылып жатыр Canva.com

Орал қаласында жұмыртқа дефициті туындады. Сауда орындарында өнімді бір қолға 10 данадан ғана сатып жатыр. Бұл туралы жергілікті «Мой город» басылымы хабарлады.

Орал қаласы тұрғындарының айтуынша, тұрақтандыру қорындағы жұмыртқа шектеулі түрде сатылып жатыр.

«Менің отбасым үлкен, төрт баламның үшеуі – жасөспірім. Яғни, азық-түлікті жиі аламын. Бірнеше аптадан бері сауда орнында бір қолға 10 дана жұмыртқадан ғана сатып жатыр. Міне, мен он шақты сатып алдым, ол бізге бір таңғы асқа ғана жетеді. Содан кейін қайтадан баруым керек. Мұндай шектеу қайдан келді? Тапшылықтың туындауына не себеп? Менің білуімше, біздің облыста екі ірі құс фабрикасы жұмыс істейді. Олар ішкі нарықты жұмыртқаның қажетті мөлшерімен қамтамасыз ете алмай ма?» - деп Орал тұрғыны наразылығын білдірді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы жағдайға қанық. Ведомство бұл алыпсатарлық жағдайларын болдырмау үшін жасалғанын айтып отыр.

«Ресейге жұмыртқаның көптеп экспортталып жатқандығы туралы бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Біздің кәсіпкерлер жұмыртқаны тек ішкі нарықта сатады. Біз оларды мәжбүрлей алмаймыз, оларға әкімшілік әдістермен тыйым салуға да құқығымыз жоқ. Біз, әрине, кәсіпкерлермен сөйлесетін боламыз», - деді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері.

Қазақстан Үкіметінің мәліметінше, елімізде отандық құс фабрикалары халықты  жұмыртқамен толық қамтамасыз ете алады. 2023 жылдың 11 айында Қазақстан Ресейге, Ауғанстанға және Қырғызстанға шамамен 186,6 млн дана тауық жұмыртқасын экспорттаған.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды