932

Түнгі клубта төбелескен әйелдердің видеосы тарады (видео)

Жәбірленуші жарақат алып, ауруханаға түскен.

Түнгі клубта төбелескен әйелдердің видеосы тарады (видео)
видеодан алынған кадр

Smart News басылымының хабарлауынша, Көкшетау қаласының құқық қорғау органдарына медицина қызметкерлерінен ауруханаға түрлі жарақатпен 27 жастағы қыздың жеткізілген. 

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жәбірленушінің жергілікті клубта төбелес кезінде жарақат алғанын анықтады. Қыздардың бірі би билеп, екіншісін абайсызда итеріп жіберген. Бір-біріне балағат сөз айтқан олар төбелеске дейін барған.

«Бұзақылық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 31 жастағы әйелді анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор