«Астарлы ақиқат жабылған жоқ»: Дина Төлепберген жүргізушілік мансабын тоқтатты

Аиса Махамбет Редактор
19.01.2024, 11:13
2728
«Астарлы ақиқат жабылған жоқ»: Дина Төлепберген жүргізушілік мансабын тоқтатты видеодан алынған кадр

Журналист «Дина зейнетке шығып жатқан жоқ!» деп ашығып айтты.

Smart News басылымының хабарлауынша, журналист, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының тележүргізушісі Дина Төлепберген жүргізушілік мансабын тоқтатқаны жөнінде айтты.

Журналисттің үндеуінен соң көпшілік «Астарлы ақиқат» ток-шоуы жабылады деп ойлап қалған болса керек, Дина Төлепберген жағдайды ашып айтты.

«Халқым мені қашанда құрметтеп, сүйетінін білетін едім, бірақ мұндай ыстық ықыласпен деп ойламадым…Қаншама хаттар, жылы лебіздер, қоңыраулар, жанкүйерлер мен фанклубтардың видеолары, репосттары - менің көңілімді бір босатып тастады. Сіздерге үлкен рахмет! Бірақ мен эфирден кетсем де, сіздерден кетуге асықпаймын. Дина зейнетке шығып жатқан жоқ!

Көп көрерменім несіне жасырайын, тіпті журналистер «Астарлы ақиқат” жабылды деп жар салуда . Олай емес! Мен тек жүргізушілікті тоқтатып жатырмын. Жүргізу - маңызды болса да, эфирдегі жұмыстың бір бөлігі ғана. Одан бөлек кадр сыртында қайнаған тіршілік. Редакция, операторлар, техникалық қызмет, пост продакшн - олардың барлығын басқару - бас продюсердің міндеті. Яғни менің!», - дейді Дина Төлепберген.

Сондай-ақ журналист кітап жазып жатқаны жөнінде айта кетті. 

«13 жылда жиналған метариалдар - талай туындыға, анализ жасауға негіз болатын дария дүние. Мен оны өзім әлі зерттеп, санап, қорытып жатырмын. Және кино, фильм, сериал режиссерлары мен сценаристтерін байланысуға шақырамын. Кей оқиғаларды жазып жатқан өз кітабымнан да оқитын боласыз.

Сонымен, «Астарлы ақиқат» жабылмайды! Егер мені сағынсаныздар, өзімнің YouTube парақшам бар, 29 қаңтарға дейін эфир тізгінінде боламын», - деді журналист.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды