4477

Бишімбаевтың бауыры 2 бап бойынша тергеліп жатыр

Екі бап бойынша да жаза мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Бишімбаевтың бауыры 2 бап бойынша тергеліп жатыр
egemen.kz

Smart News басылымының хабарлауынша, қаза тапқан Салтанат Нүкенованың отбасының адвокаты Жанна Оразбахова өзінің Instagram-дағы парақшасында Қуандық Бишімбаевтың бауырына қатысты 2 бап бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы halyq-uni.kz жазды.

«Күдіктінің бауырына қатысты. Мен бұрын жазғанымдай, аса ауыр қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша іс кісі өлтіру туралы негізгі іспен бірге тергелді.

Қазір бауыры 2 бап бойынша күдікке ілініп отыр:

Қылмыстық кодекстің 432-бабы («Қылмысты жасыру»);

Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау»).

Екі бап бойынша да жаза мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бауырына қатысты іс пен кісі өлтіру фактісі бойынша негізгі іс бірге қаралады, – делінген адвокат Жанна Оразбахованың хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжілісте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаевқа қатысты қандай баптар бойынша іс қозғалғанын айтып берген болатын.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор