Өзбекстанда депутаттар санын қысқартып жатыр

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2024, 12:07
969
Өзбекстанда депутаттар санын қысқартып жатыр yuz.uz

Енді сенаторлардың жалпы саны 100-ден 65-ке дейін қысқарады.

Smart News басылымының хабарлауынша, Өзбекстан Олий Мәжілісінің Сенаты Парламент палаталарының өкілеттіктерін елдің жаңартылған Конституциясына сәйкес өзгертуге бағытталған заңнаманы мақұлдады. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды. 

Өзбекстан Сенатының баспасөз қызметінен мәлімдегендей, парламент палаталарының бір-бірін қайталайтын өкілеттіктері нақтыланды.

Енді сенаторлардың жалпы саны 100-ден 65-ке дейін қысқарады.

Бұл ретте әрбір әкімшілік аумақтан 4 сенатордан сайланады, ал қалған 9 депутатты президент тағайындайды.

Сондай-ақ, заң шығару палатасы спикерінің орынбасарлары 7-ден 2-ге дейін қысқарады.

Бұл ретте олар өз міндетін атқару кезеңінде фракция құрамында болмайды және саяси партияға мүшелігін тоқтата тұрады.

Бұған қоса заң шығару палатасы мен Сенатқа өзін-өзі тарату өкілеттігі беріледі.

Бұл жағдайда заң шығару палатасындағы жаңа сайлау 2 ай аралығында, ал Сенаттың жаңа құрамы бір ай ішінде жасақталуы тиіс.

«Сенаттың құрамы мен комитеттердің атауларын, сондай-ақ заң шығару палатасы спикері орынбасарларының саны мен мәртебесін айқындайтын заңның ережелерін 2024 жылы, кезекті шақырылымдағы Олий Мәжілісі палаталарының қызметі басталған кезде іске асыру жоспарланып отыр», — деп мәлім етті Сенаттың баспасөз қызметі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды