Ninety one тобының әншісі Alem солтүстік аруымен заңды некеге тұрды
Әнші сүйгенімен неке қию сәтін жариялады
Smart News басылымының хабарлауынша, Ninety One тобында ән айтып, «Қазақстан Дауысы» байқауының финалисі, әрі әділқазысы ретінде көпке белгілі әнші Alem отбасы құрды. Ол солтүстіктің тумасы Вероника Жанғалова есімді арумен заңды некеге тұрды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Кім ойлаған сонау Өзбекстанның ең шетінен келіп, Қазақстанның солтүстігінен Никаға жолығады деп.
Бақытты болыңдар, балаларым. Қуаныштымын!», – деп тілегін білдірді әншінің анасы.
Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, құттықтауларын жолдады.
«Екеуіне қарап әлемде махаббат бар екеніңе сенесің», «Махаббаттарыңыз мәңгі және мәнді болсын», «Бұл күнді қанша күттік. Құтты болсын!», – деп жазды тыңдармандар.
Сонымен қатар әншінің таңдаған аруы Вероника Жанғалова да өзінің Instagram-дағы парақшасында ресми түрде ерлі-зайыпты болғанын жария етті.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор