«Баянның тойында әкесінің қазасын естіді»: Валерий Меладзенің Алматыдағы концерттері кейінге шегерілді

21.01.2024, 15:32
31566
«Баянның тойында әкесінің қазасын естіді»: Валерий Меладзенің Алматыдағы концерттері кейінге шегерілді ашық дереккөзден

«Ол өзінің қайғысын ешкімге білдірген жоқ»

Smart News басылымының хабарлауынша, күні кеше продюсер Баян Мақсатқызының 50 жас мерейтойына Ресейден арнайы келген атақты әнші Валерий Меладзенің отбасында қайғылы жағдай орын алыпты. Бұл туралы отандық продюсер Жан Мұқанов жазды. 

«Баян Мақсатқызының мерейтойына арналған мерекелік кеште Валерий Меладзе өнер көрсетті. Бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бірақ мен бүгін ол туралы емес, әншінің кәсіби деңгейі жөнінде айтқым келіп отыр. 

Тойға келіп, ән айтуына 2 сағат қалғанда Меладзе әкесінің қайтыс болғанын естіпті. Асқар тауынан айырылу кімге оңай тиер дейсің? Бірақ соған қарамастан әртіс өзінің қайғысын ешкімге білдірмей, түк болмағандай өнер көрсетіп шықты. Ол өз командасын да, тыңдармандарын да өз қайғысын айтып, шаршатқан жоқ. Тек «Чужестранец» әнін айтқан кезде көзінде мұң барын байқадым. «Бәлкім жол жүріп келіп, шаршаған шығар» деп ойлағам. Сөйтсем әкесінен айырылған екен. Валерий Меладзе, сіз мықты әртіссіз! Әкеңіздің қазасы қайырлы болсын!» деп жазды Жан Мұқанов. 

Айта кетейік, Валерий Меладзенің Алматы қаласында жоспарланған концерттері кейінге шегерілді. Бұл туралы әншінің концертін ұйымдастырушылар хабарлады. 

«Отбасылық жағдайға байланысты Меладзенің қаңтар айындағы концерттері ақпан айына ауыстырылды: 20-қаңтардан 2-ақпанға, 23-қаңтардан 4-ақпанға және 25-қаңтардан 6- ақпанға шегерілді» деп жазды олар.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды