«Ажырасқан еркекті ешкім сөкпейді»: Танымал коуч қазақтың дертін ашық сынады

Аиса Махамбет Редактор
21.01.2024, 16:51
2168
«Ажырасқан еркекті ешкім сөкпейді»: Танымал коуч қазақтың дертін ашық сынады жеке Instagram парақшасынан

«Имам-ұстаздар ажырасқан әйелдерді екінші сорт көреді» дейді коучтың оқырмандары.

Smart News басылымының хабарлауынша, танымал коуч Роза Әшірбаева ажырасқан әйелдердің жай-күйі туралы айтты. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz жазды.

Коучтың сөзінше, қоғамда ажырасқан отбасындағы әйелді ғана сөгуге құмарлар бар.

«Біздің қоғамда әйел «ажырасқан» деген атаққа ие болғысы келмейді. Ол туыс пен ортаң үшін өліммен тең. Бұл жүктің ауырлығын тек ажырасқан әйел біледі. Байқасаңыз, ажырасқан еркекті ешкім сөкпейді, ол кінәсіз, оның әйеліне отбасын сақтап қалмады дейді жұрт… Күйеуінен қорлық көріп жүрген әйелдің екі ғана жолы бар:
1. Еркектің қорлығына шыдап, түбінде не оның қолынан, не денсаулығының нашарлауынан өлу;
2. Ажырасудың жүгінен өліп барып тірілуге тырысу, өзі және туған балалары үшін өмір сүру;
Еркектен қорлық көріп жүрген әйелде таңдау аз. Қайда барады ол? Кім оны түсінеді? Кім оны сөкпей қабылдайды? Егер сіз ажырасқан қазақ әйелін көрсеңіз біліңіз, ол жанын сақтап қалу үшін сөгістің аласапыран отына күйді. Оның жүрегі мәңгі жаралы. Ол енді еркекке сенбейді. Қазақ әйелі ажырасқысы келмейді, оны еркек ажырасуға итермелейді…», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары коучтың пікірін құптады.

«Толық келісемін, ешкім тұрмысқа ажырасамын деп шықпайды», «Өтеее орынды айтылған. Кейбір Имам-Ұстаздар ажырасқан әйелдер дер астын сызып тұрып, екінші сорт ретінде қарап тек Әйелге ақыл айтады. Соған итермелеген еркексымақты назарларына да ілмейді және әдемілеп ақтап алады. Өкінішке орай...», «Дәл тауып айтылған сөздер», «Дұрыс айтасыз», - дейді олар.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді