1041

Жамбыл облысында теміржолшыларды пойыз басып кетті

Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты орын алды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Жамбыл облысында теміржолшыларды пойыз басып кетті
canva.com
 

2024 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен. 

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмады.

«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді» деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.