Заңды бұзған ЖОО-ға лицензия берілмейді – Саясат Нұрбек

23.01.2024, 15:10
734
Заңды бұзған ЖОО-ға лицензия берілмейді – Саясат Нұрбек t.me/KZgovernment

Былтыр хостелдегі өрттен 13 адам қаза тапты. Соның ішінде студенттер де болды. Мұндай қайғылы жағдайға тап болмас үшін жатақхана тапшылығын жою мәселесіне қатысты министр пікір білдірді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бір нәрсені айтып кетейін. Бұл хостел біздің жоғары оқу орындары арнайы жасаған келісімшарттардың негізінде хостел тізімінде болған жоқ. ЖОО келісімшарт жасаған хостелдерді міндетті түрде өзіміздің талаптарымызға сәйкес қарастырамыз. Үш үлкен бағытта жұмыс істейміз. Біріншісі – талаптарды күшейту. Өзіміздің ресми тізімге кіретін хостелдерге талаптарды да басқа хостелдерге де таратудамыз. Екіншіден, әрине, жатақхана салуды да күшейтуіміз қажет. Бірнеше механизмді осыған дейінгі брифингтерде айттым, – деді Саясат Нұрбек.

Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, жаңадан реконструкцияға нормативтік субсидияларды көтеру жұмыстары жүріп жатыр.

Биыл жеке компаниялар мен мердігерлерден 131 өтініш келіп түсті. Оларды пысықтап жатырмыз. Жатақхана салудың үрдісін тездетуіміз керек. Енді жоғары оқу орындары студенттерді қабылдағанда кемінде 80 пайыз төсек-орынмен қамтамасыз етуі керек. Бұл қазір нақты заңды талап. Заңға енді. Енді осы талапты сақтамаған немесе қамтамасыз етпеген жоғары оқу орындарына лицензия берілмейді, – деді министр.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды