Түркістанда ер адам мешіт ауласында ілулі тұрған күртешені ұрлап кеткен

23.01.2024, 19:37
752
Түркістанда ер адам мешіт ауласында ілулі тұрған күртешені ұрлап кеткен polisia.kz

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ол қаладағы мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның ілулі тұрған күртешесін, телефоны мен төлқұжаттарын қолды еткенін жазып көрсеткен.

Ақпарат келіп түскен бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті камера арқылы анықталды.

Ол 19 жастағы жұмыссыз жүрген жас жігіт болып шықты. Белгілі болғандай, мешітке келген жігіттің кенеттен ойы өзгерген. Яғни мешіттің кіре берісінде ілулі тұрған күртешені көріп, ешкім қарап тұрмағанына көз жеткізген соң, жымқырып кеткен.

Тәртіп сақшылары қолды болған затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды