«Киімін шешіп, балағат сөз айтқан»: Ішімдік ішкен үш жолаушы пойыздан түсірілді

24.01.2024, 13:38
895
«Киімін шешіп, балағат сөз айтқан»: Ішімдік ішкен үш жолаушы пойыздан түсірілді facebook.com

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған екі жолаушыны анықтады. Ал үшінші ер адам «Нұрлы-Жол-Орал» бағытындағы пойыз жолаушысы болған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Тексеру барысында құқық бұзушылардың Қостанай облысының 41 және 58 жастағы тұрғындары екендігі белгілі болды. Олар жол бойында спирттік ішімдіктер ішіп, өзге жолаушыларға балағат сөздер айтқан. Екеуі де Ақмола облысының Атбасар станциясыда акт бойынша пойыздан түсірілді. Араққа сылқия тойған азаматтар полиция бөлмесіне жеткізу кезінде билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Оларға қатысты бірден үш, яғни, алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Рудный қалалық сотына жолданды делінген Көліктегі полиция департаментінің мәліметінде.

Дәл осындай оқиға Қостанай станциясында да орын алды. Бұл жолы көлік полицейлері «Нұрлы-Жол-Орал» бағытындағы жолаушылар пойызынан Ақтөбе қаласының 60 жастағы тұрғынын түсіріп алды. Егде жастағы жолаушы пойызда алкогольдік ішімдік ішіп, өз орнында киімдерін шешіп, тыр жалаңаш ұйықтаған. Осылайша өзінің сыртқы келбетімен адамның қадір-қасиеті мен адамгершілігін қорлайтын іс жасаған.

Оған алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 5 АЕК айыппұл салынып, ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік материал сотқа жолданды.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды