787

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президент жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды
Ақорда
 

Мемлекет басшысы ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.

Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.