3040

Әйелім тоқал алып берді деген әзілкеш желіде сынға қалды

«Қайын жұртыңнан ұялмайсың ба, бауырым?»

Әйелім тоқал алып берді деген әзілкеш желіде сынға қалды
коллаж smartnews.kz

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әзілкеш, жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыген әлеуметтік желіге әйелінің тоқал алып бергенін жазды.

Ол сурет жариялап, онда «Күйеуіне тоқал әперіп, арманын орындады» деп жазылған. Әзілкеш актер пост астына жазба қалдырған:

«Міне нағыз әйел!
Бұл мен үшін күтпеген тосын сый болды. Екеуміз қанша жыл бірге тұрып, осындай қуаныш сыйлап, бір қазақтың қызы бақытты болып ұрпағыңыз көбейсін деп тоқал сыйлап жатқаныңа шексіз ризамын жаным. Сені бұрынғыдан да қатты жақсы көріп кеткенімді сездім… деп қашан айтады екенмін», - деп әзілдеді жайдарманшы.

Оның бұл әзілі көпке ұнамағандай, оны сынаушылар көбейді.

«Тоқал деп армандағандар өз қыздары сондай тағдырға ұшырап қалады деп қорықпайды ма екен?», «Қайын жұртыңнан ұялмайсың ба, бауырым? Жылатпаймын, сықтатпаймын деп алған шығарсың осы қызды да о баста. Ұят болды», «Қатыныңа бойың жетпесе де арманың биік екен», «Сол бір әйелдің тигеніне қуансай», «Армандама ақ тоқты,қыстың күні көк шөпті деген сөз есіме еріксіз түскені-ай», - деп әзілкешті сынады оқырмандар.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор